Қазақстан кубогы матчының 1/8 финалында жерлестеріміз талдықорғандық «Жетісу» командасымен тартысты ойын өткізді. Ақ - қызылдар бірінші таймда-ақ есеп ашып, бәсінің жоғары екенін көрсетті. Командаға жеңіс әкелген жартылай қорғаушы - Дмитрий Сергеевич. Ол 44-ші минутта қарсыластың қақпасына алғашқы голды салды.


Екінші таймда таразы басын теңестіруге қанша әрекет жасада да талдықорғандық команданың қақпаға бағыттаған шабуылдары бірінен соң бірі қисық кетіп жатты. Нәтижесінде ойын 1:0 есебімен аяқталып, келесі кезеңге «Ақтөбе» командасы жолдама алды. Енді 20-шы сәуірде жерлестеріміз алматылық "Қайратпен" кездеседі.