Батыс Қазақстан облысына 50 арнайы техника жіберілді. Бұл көрші өңірдегі су тасқынының алдын алу жұмыстарына бағытталған қосымша күш. 


Арасында жүк көліктері мен сол жүкті тиеп, түсіретін техника бар. Мұның бәрі өңірдегі мекеме-кәсіпорындар мен кәсіпкерлерден жиналған. 


Келісім бойынша техника су беті қайтқанша сол аймақта болады.