Өңірде өзен суының деңгейі төмен түсіп, эвакуациялық бекеттердегі адамдар үйіне орала бастады. Наурыздың 28-і күні №30 орта мектепте ашылған қабылдау орнында қазір ешкім жоқ.

Есесіне арнайы мамандар оқу ордасының ішін тазалап, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Осыдан кейін бұл мектептің оқушылары сабақты қайта жалғастырмақ.