Марат Оспанов атындағы медицина университетінде "Ғылым: кеше, бүгін, ертең" атты халықаралық конференция аясында республикалық олимпиада өтті. Ауқымды шара Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды. Қатысушылар өсіп-өнген өлкенің тарихын зерттеп, академиктің ғылыми еңбектерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды. Алғашқы кезеңде тест тапсырмалары орындалып, екінші бөлігінде Ақтөбенің киелі тарихи жерлеріне қатысты тапсырмалар орындалды