Тұрақтандыру қоры тасқыннан зардап шеккен аудандарға азық түлік жеткізіп беруге сақадай сай отыр. Қазір қор әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің алуан түрін жинақтап, төтенше жағдай жарияланған ауыл аймаққа жөнелтуде. Төрт жарым мың тонна картоп, мың тоннадан астам сәбіз, дәл сондай көлемде пияз, қырыққабат сақталған. 60 тонна күріш, 30 тонна қант бар.