Тасқын кезінде өңірде 50-ден астам жол учаскесі мен көпірлерді су шайып кеткен. Олардың 8-і бақылауға алынып, қалған аумақтар бойынша жұмыстар жүргізілді. Яғни бүлінген аумақтар қайта қалпына келтіріліп, жолдар ашылды. Үш аудандық маңызы бар, екі облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын су шайған. Сондай-ақ алты елдімекенде көпір бұзылған. Қатынасты қалыпқа келтіру үшін қазір жөндеу жұмыстарына бар пәрмен берілген.