"Халыққа көмектесу - біздің азаматтық борышымыз". Су тасқыны кезінде эвакуациялау жұмыстарына белсене атсалысқан әскерилер осылай дейді. Бүгін қалалық мәдениет үйінде тасқын кезінде құтқару жұмыстарын жүргізген әскери қызметшілер алғысқа бөленді. Айта кетейік, қауіп төнген аймақтарға өңірдегі 66/55 әскери бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.{