Тәртіп сақшысы - сүрінгенге сүйеу, құлағанға тіреу болуы тиіс. Бұл өз ісінің нағыз шебері, аға лейтенант Нұрхат Сәлімгереевтің өмірлік ұстанымы. Жаужүрек полицей өткен аптада "Қисық өзен" бау-бақша ұжымының тұрғындарын қарғын судың қатерінен құтқарып қалды. Оқиғаның мән-жайын бүгінгі күннің батырымен тілдесіп қайтқан әріптесім Нұрболат Қуантайұлы айтып береді.