Облыс әкімі Асхат Шахаров Ойыл ауданындағы табиғи апат ауқымын әуеден қарап шықты. Мұнда бүгінде 318 үйді су басқан. Ең көбі –Қаратал, Екпетал және Ақкемір ауылдарында. Қазіргі уақытта су басқан және су басу қаупі бар 9 ауылдан 1200-ден астам тұрғын көшірілген. Оның 255-і ғана Ойылдағы спорт мектебі, аграрлық колледж және мектеп-гимназияға орналасты. Қажеттінің бәрі бар, гуманитарлық көмек те дер кезінде жеткізіліп отыр.