Бүгіннен бастап 3-ші топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен зейнеткерлер қоғамдық көлікпен тегін қатынап жүр. Оларға қойылатын бірнеше талап бар. Біріншіден, бұл қызметті пайдаланатын жолаушы қала тұрғыны ретінде тіркеуде болуы шарт. Екіншіден, зейнеткердің куәлігі емес, қарапайым жол жүретін картаны терминалға өткізу міндеттеледі. Ал бұған дейін есепшотта болған ақшаны өзге жақыныңызға ауыстыруға болады. Бүгін ақтөбеліктердің кейбірі осы қызмет үшін кезекке де тұрды.