Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға еріктілер де өз қолдауын көрсетті. Қиын-қыстау сәтте жергілікті волонтерлар, белсенділер бас қосып, гуманитарлық көмек жеткізді.
Азық түлік, дәрі-дәрмек, көрпе-төсек, киім-кешек пен қажетті тұрмыстық бұйымдарды әкелді. Игі іске жүк көліктерінің жүргізушілері де өзіндік үлес қосты.
Олар қала мен ауыл арасына көмекті жеткізу үшін алғашқы күннен-ақ ақысыз қызмет етті.