Тасқыны кезінде өңірде барлығы 700-ден астам үйге су кірген. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, эвакуациялық пункттерде 3700-ден астам адам бар.
Төтенше жағдайлар қызметі, полиция мен әскерилер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер мен қарапайым тұрғындар 126 мыңға жуық құм толы қап төсеп, инертті материал да жеткізілді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 3 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Техника саны 500-ден асады.