Қалада құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстар барысында ұрлық-қарлық 283-тен 153 дерекке дейін азайған. Ал ішкі істер органдарының жүйесінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша былтыр 2 дерек тіркелген. Бұдан өзге де әшкере болған қылмыстар бүгін қала әкімдігінде өткен ведомствоаралық комиссияларының бірлескен отырысында айтылды.