Ал "Славяндар" қоғамдық бірлестігінің жастар театр актерлері "Алғыс айту" күніне арналған сахналық қойылым ұсынды. "Халықтың алғысы - Ұлы марапат" деп аталған көріністе ел бірлігі ерекше көрсетілді. Көрермен үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы да таныстырылды. Қойылым өтетін орын ретінде арнайы этно-мәдени бірлестік өкілдерінің мұражайы таңдалып алынды. Мұндағы әр жәдігер тарихтан сыр шертеді. Алғыс айту күнінің мән -маңызын балалар да айқын түсінсін деп мерекелік шара мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылған.