Кез келген төтенше жағдайға дайынбыз! Ақтөбедегі аласапыран боранда жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жұмыста болған полицей Нұрғазы Таңбай осылай дейді. Ол әріптестерімен бірге көз көрмес боран күні жолға шыққан жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Егде жастағы кісілер мен балаларды пойызға отырғызып, олардың оқыс жағдайға ұшырамауына күш салған.