"Ел басына күн туса, ер етігімен су кешер". Кешегі бетқаратпас боранда омбы қарды белуардан кешіп, көліктерге жаяулатып жол салған жігіттердің ісі көпке үлгі. Тұтқиылдан келген төтенше жағдайда еш тосырқамастан көмек қолын созғандардың бірі жедел жасақ құтқарушысы Нұржан Жүсіпов.