Кез келген кәсіптік субьектте тұтынушы бұрышы болуы тиіс. Онда сауда нүктесінің, қызмет көрсету орнының толық атауы, өкілетті органның, сотқа дейінгі реттеу мекемелерінің мекен жайы, нөмірі жазылуы тиіс. Бүгін сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары қаладағы сауда нүктелерінде, жанармай бекеттерінде тұтынушы бұрышының бар-жоғын тексерді.