Америкадағы білімді Ақтөбеде алады. Бұл Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттеріне берілген мүмкіндік. АҚШ-тың кардиологиялық ассоциациясының бір алаңы осы оқу орнында ашылды. Ашылу салтанатына халықаралық деңгейдегі дәрігер Кевин Фрик арнайы келді.