Өңірге Қонаев және Жетісу гарнизондарының десантшы-жауынгерлері келді. 32363 Қонаев гарнизонында келісімшарт негізінде жұмыс істейтін әскери қызметкерлер мен офицерлер шұғыл түрде Алматыдан Ақтөбе қаласына жеткізілген.
Бұл олардың әскери дайындығын, шұғыл тапсырмаға әзірлігін тексеруге бағытталған оқу-жаттығу. Әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен десантшылар арнайы аймаққа тасымалданды.
Тапсырма - "Хлебодаровка" әскери әуеайлағын күзету және қорғау. Дайындықты Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Сұлтан Камаладинов бақылауында ұстады.