Облыста "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы" аясында белсенді түрде іс-шаралар өтуде. Облыстық білім басқармасы мен әдістемелік орталық ұйымдастырған кезекті семинар тақырыбы да осы бағытты қамтыды. Кездесуге облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.


Тренинг кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекцияларға, педагогикалық психологтарға және балалармен жұмыс істейтін басқа да мамандарға арналды. Шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу әдістері талқыланды.