Ауылда да кәсіп бастауға болады! Өңірде кәсіпкерлік саласы мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қарқынды дамып келеді. Осылайша, Қарғалы өңірінде түрлі бағытта бизнес жобалар жүзеге асырылып жатыр. Көңіл қуантарлығы, кәсібін дөңгелетіп отырғандардың арасында көп балалы отбасылар да бар. Айта кетейік, өңірде қызмет көрсету саласында жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындар жұмыспен қамтылуда.