Былтырғы жылмен салыстырғанда өңірде қылмыс деңгейі 11 пайызға төмендеді. Әсіресе ұрлық пен қарақшылық азайды. Қоғамдық орындардағы қылмыстар да сиреген.

Алайда, кәмелет жасқа толмағандар арасында қылмыс саны артқан. Бұл санат бойынша тіркелген деректер саны 45 пайызға өскен.