Тағы бір шалғай ауылға көгілдір отын тартылды. Бұл қуанышты жаңалықтың иелері Хромтау ауданы, Қарлау ауылының тұрғындары.

Ауылдағы ағайынның сөзінше, оларға желтоқсан айында газ тартуға уәде етілгенімен, мердігерлер жұмысты мерзімінен бұрын аяқтаған. Енді олар отын тасып мен күл шығармайтын болдық деп қуанып отыр.

Қарлаулықтардың қуанышты сәтіне біздің түсірілім тобы да куә болып қайтты.