Алға ауданындағы шаруашылықтардың бірінде 9 бас ірі қараның қарасан ауруынан өлгені белгілі болды. Сараптама қорытындысы осыны көрсетті.
Облыстық ветеринария басқармасының хабарлауынша, өлген малдан алынған сынама қорытындысы бүгін шықты. Онда сиырлардың қарасан ауруына шалдыққаны белгілі болды. Еске салсақ, Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округінде «Өлетті» шаруа қожалығында 9 бас ірі қара өлді.
Ветеринар мамандар алдымен уланған деп болжам жасады. Бірақ болжам расталмай, қарасан ауруы анықталды. Жануарлардың барлық өлексесін Тоқмансай елді мекеніндегі мал қорымына апарып, залалсыздандырды.