Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиын барысында - буллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Жыл басынан бері жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыстардың жалпы санының өсуі байқалады. Қорқыту, ақша жинау фактілері және баланың құқықтарын бұзатын басқа да әрекеттер, оның ішінде буллинг тіркелген.


Полиция дерегінше, қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың көпшілігінде бос уақыттары дұрыс ұйымдастырылмаған. Ал, кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің саны 2023 жылдың басынан бері төмендеді, яғни 10 айда 17 дерек тіркелді. Негізінен жасөспірімдерді мұндай қадамға итермелейтін басты себеп - жақындарымен болатын жанжал. Жыл басталғалы 102 нөміріне отбасылық жанжалдар туралы 5 мыңнан астам қоңырау түскен. Нәтижесінде жәбірленушілердің 18%-дан астамы өтініш жазудан бас тартқан.