Шетелге шығуға қойылған шектеу. Бұл туралы ақпаратты интернет жүйесінен "Қазақстан Республикасының борышкерлерінің тізімі" деп теру арқылы біле аласыз. Одан кейін елден шығуға шектеу қойылғанын тексеру үшін жүйеге ЖСН номеріңізді енгізу керек. Егер шектеу болса, растайтын құжатпен тыйым салуды алып тастау туралы өтінішпен сот орындаушысына хабарласуыңызға тура келеді. Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері оларға осындай өтінішпен үш жүзден астам адам жүгінген. Сондай-ақ, телефон арқылы көмек алатындары да бар.{