Мәртөк ауылында жол жөндеу жұмыстары қарқынды. Биыл 6 көшеге асфальт төселіп жатыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 600 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.
Сонымен қатар, "Достық саябағы" көгалдандырылды. Тұрғындардың демалыс аумағы 160 түп қарағаймен көмкерілді.