Өңірде "Ауыл лайф" жобасы бастау алды. Мақсат - қалалық жерде өсіп өнген жастарға ауыл өмірінің болмысын таныстырып, олардың тұрақты орнығуына ықпал ету.

Жобаның алғашқы кезеңіне қатысушылар Қобда ауданына барды. Олар үш күн бойы елдімекеннің тыныс-тіршілігімен танысып, шеберлік сағаты арқылы тәжірибе жинақтады.