Прага қаласында Спартамен өткен қарымта матч жерлес ақ-қызыл командасы үшін сәтсіз болды. Чехиялық ойыншыларды алғашқы ойында ұттық деп бөркімізді аспанға лақтырғанмен, "Ақтөбе" бұл жолы оңбай ұтылды. Есеп 4:0. Кешегі ойын қарсыластың пайдасына шешілді. 90 минут бойы шаршы алаңда ақ-қызылдар командасының ойыншылары барын салғанымен футболшыларға сәттілік серік болмады. Осылайша, "Ақтөбе" УЕФА Конференция Лигасының ІІ іріктеу кезеңінен өте алмады.