АЙМАҚТА 8 МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Аймақтық денсаулық сақтау жүйесінің басты бағыттарының бірі алғашқы медициналық санитариялық көмектің сапасын арттыру. Ауруханалардың техникалық базасын жаңарту. Аталған бағытта биыл Денсаулық сақтау министрлігіне 15 жоба ұсынылып, оның 8-і қолдау тапқан. Медицина саласындағы өзге де өзекті мәселелер облыстық қоғамдық Кеңес отырысында талқыланды.