Журналистің жегені - жантақ, арқалағаны - алтын. Өңірдегі төртінші билік өкілдері Президент кеңесшісімен кездесуде журналистің құқығын сөз етті.
Ақпарат саласында тынбай еңбек ететін тілшілердің құқығын қорғайтын "БАҚ туралы заң" қашан қабылданбақ?
Аудан газеттерінің ахуалы қандай? Халықтың көзі, құлағы һәм тілі болған ақпарат құралы бүгінгі күні өзекті ме?
Осы және өзге де сауалдарды Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевпен кездесуде қойды.