ХАЛЫҚ САНЫН ЖИЫРМА МИЛЛИОНАН АСЫРҒАН СӘБИЛЕР
Жиырма миллиондық қазақстандықтардың қатарын ақтөбелік жаңа туылған он үш нәресте толықтырды. Сәбилерінің дүниеге келуі мұндай тарихи сәтпен тұспа-тұс келген аналардың да қуанышында шек жоқ.
Демографияның өсуіне үлесін қосқан жас аналарды арнайы жергілікті билік өкілдері құттықтап, естелік сыйлық тарту етті.