Жыл басынан бері облыс аумағында 427 жол көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 539 адам түрлі дене жарақатын алып, 87 адам қаза тапты. Мерт болғандардың дені жүргізушілер. Трассадағы қақтығыс көбіне халықаралық маңызы бар Самара-Шымкент бағытында болады. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері қауіпсіздік апталығын өткізді.