Экологтар "Ғарыш сапары" арқылы 74 жабайы қоқыс алаңын анықтады. Алматы ауданының әкімдігі жинау, полигонға тасу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде 15 техника жұмылдырылды. Қызылжар мен Қурайлыдағы 44 алаңнан қоқыс жиналды. Енді Заречный-4 тұрғын алабында жұмыс жүріп жатыр. Әзірге бар жұмыстың тең жартысы аяқталып тұр. Жоспар бойынша қазан айының соңына дейін түгел тазартылады. Бір өкініштісі - биыл жиналса, келер жылы қайта үйіліп қалады.