Өңірде жауын-шашын салдарынан егін ору жұмысы қиындады. Бәрінен бұрын астықты өлке Әйтеке би ауданының диқандарына ауыр тиіп тұр. Қазіргі уақытта 138 мың га дәнді дақылдар алқабының тек 17 пайызға жуығы жиналды. Себебі мұнда 21-ші тамыздан астап жаңбыр жауды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, егістіктерде дәннің масақтан көктеп өну үлесі шамамен 80 пайызды құрайды. Мұндай астық тек мал азығы ретінде жарамды.


Оны өткізу мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Облыс басшысы Асхат Шахаров әкімдіктер астық өсіретін диқандардың қиын жағдайдан шығуы үшін көмек көрсетіп, жан-жақты шаралар қабылдауы тиіс екенін атап өтті