Негізгі Жаңалықтар КӘРІЗ ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ ҚҰНЫ - 53,5 МЛРД ТЕҢГЕ

КӘРІЗ ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ ҚҰНЫ - 53,5 МЛРД ТЕҢГЕ

Жаңа кәріз тазарту құрылғысының жобалық құны - 53 миллиард теңгеден асады. Қуаттылығы - тәулігіне 100 текше метр. Бұл туралы Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдерімен кездесуде айтылды. Қазіргі кезде техникалық негіздеме экономикалық және қаржылық сараптамаға жіберілді. Сонымен қатар тендерлік құжаттаманы әзірлеу басталды.


Жыл соңына дейін нысанды жобалау және салуға жауапты мердігер анықталмақ. Облыс әкімі жаңа кәріз тазарту құрылысы қала тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын алға тартты. 

Бөлісу