Мәртөк ауданындағы Родниковка ауылы маңында салынғанына ғасырдан астам уақыт болған көне нысандар бар. Нақтырақ айтқанда мұндағы кейбір мешіт пен қорымдардың тарихы толық зерделенбеген. Аңыздарға сүйенсек бұл жерде әйгілі Шыңғыс хан өз әйелін жерлеп, қазынасын суға ағызып жіберген.