Қаладағы №78 мектеп оқушылары Алматыда өткен "Қазақстан таланттары" халықаралық байқауынан бас жүлде алып келді. Ақтөбенің атынан барған "Жанталас" өнер үйірмесінің жас актерлері "Бейуақ" қойылымын сахналады.

Құмар ойынға берілген бала, жат ағымның жетегінде кеткен жас. Спектакльде қазіргі ата-аналар үрке қарап, ұл-қызын сақтандыратын кейіпкерлердің бәрі бар. Материалдық жағдайы ақсап, табысының аздығынан қиналған әке рөлі де сомдалған