Өңір басшысы Ералы Тоғжанов қобдалықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады. Облыс әкімі өз сөзінде «Рамазан – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен күтетін айы. Барлық дұғалар мен тілектер қабыл болсын. Бүгін осындай жарқын мерекеде тұрғындардың жиналып, бас қосқанына қуаныштымын.
Әр қиындықтың артында жеңіс бар. Сіздер қиын сәтте шетте қалмай, бірліктің туын биік ұстадыңыздар. Бұл қобдалықтардың рухының күштілігін көрсетеді», - деді. Мұнда үлкен-кіші жиналып, ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды. Ал балаларға түрлі тәтті мен балмұздақ үлестірілді.