Ойыл ауданында 11 үйге су кірген. Оның үшеуі бос тұрған үй болып шықты. Сонымен бірге сарайы мен қорасы су астында қалғандар да бар. Қазіргі кезде мұнда төтенше жағдай жарияланды. Қаратал ауылында шығын есептеу жұмысы жүріп жатыр. Ал қатынас мәселесіне келер болсақ, әзірге жолдарды жүруге ыңғайлайды. Кейін жобалық-сметалық құжат әзірленіп, жөнделеді.