Әкімдікте су тасқыны кезеңіне қатысты жиын өтті. Бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары мен аудан әкімдері қазіргі жағдай және су тасқыны қаупінің алдын алу жұмыстары туралы баяндады. Мәселелерді талқылау барысында «Қазсушар» және «Қазгидромет» филиалдары жасаған болжамдық-талдамалық жұмыстардың мардымсыз екені айтылды. Одан басқа, су тасқыны салдарынан бүлінген жол учаскелерін тезірек қалпына келтіруді қамтамасыз ету тапсырылды.


Алдағы уақытта осындай жағдайларды болдырмау мақсатында су басу қаупі басым жол учаскелері анықталды. Ол жерлерде қосымша су құбырларын орнату, сондай-ақ көпірлерді салу және жөндеу мәселесі қарастырылып жатыр. Жиын барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов облыстың елді мекендеріндегі су тасқынының алдын алуға және жоюға қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.