Көктем басталғалы әр мекемеде мерекелік көңіл-күй орнап тұр. Бәрі Наурыз мейрамын тойлауға кірісті. Бүгін мереке облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында өтті. Халық шығармашылығы үйінің әншілері оқырмандарға, кітапхана қызметкерлеріне концерттік бағдарлама ұсынып, мәз-мейрам қылды. Шарада түрлі ойындар да ұйымдастырылды