Дін тақырыбында қалам тербеу оңай іс емес. Оған білім мен біліктілік қажет. Сондықтан діни бағдарлама жүргізетін, мақала жазатын журналистерге арнап семинарлар өтіп тұрады. Кезекті семинар жастар ресурстық орталығында өтті. Спикер Астанадан арнайы келген мейман, белгілі журналист - Нұрбек Бекбау. Тәжірибелі тілші деструктивті діни ағымдармен күресу үшін қандай роликтер дайындау керегін және шет елдердегі әлеуметтік мәселелерді қозғайтын бейнематериалдар жайлы айтты. Сонымен қатар, жат ағым өкілдерімен сөйлесу тәсілдерін түсіндірді