Наурыз мейрамында жасалатын жөн-жоралғылардың бірі Белкөтерер дәстүрі. Бұл егде адамдарға арналып берілетін мерекелік ас. Тіске жұмсақ сары май, қазы, жент, қымыз, сүзбе , бал қосып дайындалатын арнайы тағам. Мереке күні өңір дамуына үлес қосқан аға буын өкілдері осындай дәстүрді жаңғыртқан шарада бас қосты.