Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі. Ақтөбе политехникалық колледжінде облыстың үлгілі келіндері мен белсенді арулары бас қосты. Бойжеткендер қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылып, ойын ортаға салды. Тағылымды кездесуге "Үлгілі келін" байқауының жеңімпаздары арнайы шақырылды.