Шаңғы жарысынан қала біріншілігі өтті. Сайыстың ерекшелігі -қатысушылар кәсіби спортшылар емес, қарапайым қала тұрғындары. Демалыс күндері өткен жарыста бақ сынау үшін шаңғы роллер кешеніне қаланың әр ауданынан барлығы 150-ге жуық адам жиналды. Сөреден мәреге дейінгі 5 шақырымды бағындырғандар арнайы диплом, кубокпен марапатталды. Ерлер мен әйелдер бөлек жарысты және жас шамасына қарай 5 топқа бөлінді.