Қаңтардың 18-нен 19-ына қараған түнде Православ дінін ұстанушылар діни салт-жоралғылардың бірі Шоқыну мерекесін атап өтеді.


Осыған орай Ақтөбеде суға түсетін үш арнайы орын бекітілді. Суға түспес бұрын алдын ала қауіпсіздік шараларын қатаң ескеру керек дейді төтеншеліктер. Су ішінде 10-20 секундтан артық тұруға болмайды. Суға түсіп-шығарда тайып құламау үшін арнайы аяқ киім алған жөн.


Суға түсетін аумақтарда, тәртіп сақшылар, жедел жәрдем мен суда құтқару қызметінің мамандары кезекшілік етеді.