Спорт жаңалықтарына ойыссақ. Бір күн бұрын қазақ күресінен әлем чемпионы атанған Ерасыл Амангелдіні ақтөбеліктер әуежайдан күтіп алды. Палуанымыз Елорда төрінде үш жүзден астам спортшы қатысқан байрақты бәсекеден осылайша олжалы келді. Ақтөбе чемпионын салтанатты жиынмен күтіп алуға әріптесім де арнайы барып келді.