Өңірде медициналық-фармацевтикалық кластер құрылады. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келген «СҚ-Фармация» серіктестігінің басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев кездесті. Кластер қолданыстағы және жаңа дәрілік заттарды өндіретін, медициналық техниканы шығаратын инновациялық кәсіпорындарды, ғылыми-зерттеу институттарын, жоғары оқу орындарын, технопарктер мен басқа да ұйымдарды біріктіруге және құруға мүмкіндік береді. Барлығы бір-бірімен байланысты болады. Бұл жеке компаниялардың және жалпы кластердің бәсекелестік артықшылықтарын нығайтады. Жобаны іске асыруға әлемдегі жетекші медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмек өндірушілер, медициналық компаниялар, орталықтар мен ғылыми институттарды тарту жоспарланып отыр