Облыстық басқарма басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға арналған шығыстарды ұсынды. Тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында әлеуметтік салаға қатысты сұрақтар кең талқыланды. Мәселен білім беру саласы алдағы үш жылда 608 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсауы мүмкін. Ал мәдениет саласында 14 миллиард теңгеден астам қаржыны құрайтын жұмыс атқарылмақ. Тілдерді дамыту басқармасы 375, еңбек инспекциясы басқармасы 382 миллион теңге болатын шығысты ұсынды. Депутаттар мен қоғамдық кеңес барлық ақпаратты жан-жақты талқылап, баяндамашыларға бірқатар сұрақ қойды. Кейін депутаттар тиісті қаулы қабылдады